Саммит - 4 Декабря 2010 - ББЖ КБАИ
Пятница, 24.03.2017, 20:45
Приветствую Вас Гость | RSS

ББЖ КБАИ

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 25
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Главная » 2010 » Декабрь » 4 » Саммит
13:14
Саммит
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның мемлекет басшыларының Саммитінің табысты аяқталуының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның мемлекет басшыларының Саммитінің табысты аяқталуының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді.
03.12.2010

Кеңеске ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы К.Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджанов, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин, Президенттің көмекшісі-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хашысы М.Тәжин, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Әбіқаев, ҚР Президентінің Іс басқарушысы С.Қалмырзаев, ҚР Президентінің халықаралық мәселелер бойынша кеңесшісі Н.Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков, ҚР Ішкі істер министрі С.Баймағамбетов, ҚР Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев, ҚР Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед, ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы М.Аюбаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, ҚР Президенті Протоколының бастығы Р.Тауфиков, ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Б.Майлыбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропалық Одақпен өзара іс-қимыл жөніндегі мәселелер бойынша ұлттық үйлеструшісі К.Жигалов қатысты.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға құттықтау жолдады: Құрметті қазақстандықтар!

Біз кеше ғана бүкіл ел тарихындағы ең маңызды әрі аса ауқымды шараны үлкен табыспен атқардық.
Дүниежүзінің беделді мемлекеттерінің басшыларын Астанаға жинап, Қазақстанның атын әлемге әйгіледік.
Осынша ел басшыларының бір мезетте біздің елге қадам басуы – тарихымызда бұрын-соңды болмаған оқиға!
Сондықтан, бұл біз үшін мыңжылдықтың алғашқы Саммиті ғана емес, мың жылда бір рет болатын тарихи жағдай!
Мен беделді ұйым Саммитінің жемісті өтуімен баршаңызды құттықтаймын!
Біз бірін-бірі жылдар бойы көрмей келген ел басшыларының басын қосып, мәмілеге келтірдік. Еуропа мен Азия ұғымын біріктіріп, қауіпсіздіктің кеңістігін кеңейттік.
Ұзаққа созылған ортақ келісімнен кейін, тарихи Астана Декларациясын қабылдап, Ұйымды жаңа белеске көтердік!
Сондықтан, еліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін асырған алқалы Саммит жоғары деңгейде өтті деп есептеймін.
Мәртебелі меймандар еліміздің кең пейіл қонақжайлығына шынайы риза болды.
Әрине, мұндай кең ауқымдағы алқалы жиынды өткізу бізге оңайға түскен жоқ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, оған ел болып атсалысып, еңселі ел екенімізді көрсеттік. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, тиісті Министрліктер, Астана қаласы Әкімдігі және қала жұртшылығы атсалысты.
Халқымыз терең түсіністік танытып, ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Мұндай шараның бірлігімізді бекемдеп, тәуелсіздікті нығайтып, елдігімізді әйгілей түсері анық.
Сондықтан мен іргелі шараға үлес қосқан бүкіл азаматтарға алғыс айтып, тілекші болған барша қазақстандықтарға үлкен ризашылығымды білдіремін!
 
Уважаемые казахстанцы!

Хотел бы поздравить всех граждан нашей страны с успешной организацией и проведением Саммита ОБСЕ.
Практически он завершился сегодня ночью с принятием Астанинской декларации ОБСЕ.
Итоги саммита имеют стратегическое значение для страны.
Во-первых, мы укрепили внешнеполитические основы нашей Независимости.
Саммит стал началом нового этапа укрепления доверия, сотрудничества и интеграции, создания сообщества единой и неделимой Евро-Атлантической и Евро-Азиатской безопасности.
Во-вторых, саммит стал вершиной нашего председательства в ОБСЕ.
Мы полностью реализовали нашу программу действий во главе этой международной организации.
Мы выполнили все задачи, которые поставили перед собой.
Казахстан смог придать импульс развитию Организации в новом столетии.
Возобновлены дискуссии по всему блоку проблем безопасности в Евразии.
Мы предложили программу реформирования ОБСЕ, объединения её усилий с другими структурами безопасности в Евразии.
В-третьих, мы доказали, что можем решать задачи по проведению крупнейших мероприятий международного уровня.
Все главы государств и правительств, руководители официальных делегаций в своих выступлениях на пленарных заседаниях саммита и беседах со мной, подчеркивали важность нашей инициативы по созыву саммита.
Все благодарили Казахстан за отличную подготовку к саммиту.
Эти слова признательности адресованы всему народу нашей страны.
В-четвертых, наше общество продемонстрировало зрелость, единство и сплоченность.
Подготовка к саммиту ОБСЕ стала общей задачей всех казахстанцев.
И мы успешно решили её.
В подготовительной работе было задействовано много людей.
Слаженно работали все технические службы – от аэронавигации до коммунальных служб Астаны. Тем более что в дни проведения саммита сложными были погодные условия.
Огромный вклад в проведение саммита внесли сотрудники государственных органов, а также волонтеры, помогавшие работать с нашими гостями.
Я особо хочу поблагодарить всех жителей Астаны за гостеприимство, понимание, которое они проявили в связи с проведением мероприятий саммита.
Особая благодарность акимату столицы, акиму города Имангали Тасмагамбетову за прекрасную организацию мероприятий.
Все было организовано четко, минута в минуту, секунда в секунду. Все задачи решены, все цели достигнуты.
В-пятых, наша Астана стала в один ряд с такими известными городами Европы, которые были хозяевами проведения саммитов ОБСЕ, как Хельсинки, Париж, Будапешт, Лиссабон, Стамбул.
Это новый уровень известности казахстанской столицы.
Я признателен всем казахстанцам, астанчанам за огромную работу по подготовке саммита.
Весь мир другими глазами посмотрел на Казахстан, увидел все достоинства нашего народа. Проведение саммита стало триумфом всего казахстанского народа, свидетельством его единства, устремленности в будущее.
Кеңестер, отырыстар, кездесулер

Просмотров: 890 | Добавил: Levchenko | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей